Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаркент өңіріндегі Көктал полигонында болды

06.05.2019ж

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-штабтық «Айбалта-2019» атты әскери оқу-жаттығу қимылдары Панфилов ауданындағы Көктал полигонында өткені көпшілікке аян.

Осы әскери оқу-жаттығу қимылдарына арнайы келген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқу жаттығу қимылдарындағы сарбаздар мен сардарлардың жауынгерлік шеберліктеріне жоғары баға беріп, оларға алғыс жариялады.
Ел Президенті Қ.Тоқаев әскери техниканың жайымен жете танысып, сарбаздармен бірге әскери ботқа тағамынан дәм татты.
Мемлекет басшысы бұдан соң жұмыс сапарымен Алматы облысында болды. Президент Талдықорған қаласындағы әлеуметтік қызмет көрсету нысандары мен өндіріс орындарын аралап, Қаратал ауданындағы «Ашық әкімдік» жобасымен және аудандағы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.