Аудандық штабтың жұмыс жоспары нақтыланды

06.05.2019ж

Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың Панфилов аудандық сайлауалды штабы құрылды.

      Қоғамдық штаб өз жұмысын 11 мамырда ресми түрде бастайды. 2019 жылдың 4 мамырында «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық сайлауалды штабтың құрылуы бойынша жиналыс өтті.
     Аудандық сайлауалды штабының мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сайлауалды кампаниясын және аймақтық, аумақтық сайлауалды штабтары жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау болып табылады.
Жиынға аудандық партия филиалының қызметкерлері, аудандық сайлауалды штабының мүшелері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.
     Штаб басшысы болып аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досмаилов Қанат Нүркешұлы тағайындалды.
Панфилов ауданы бойынша 75 сайлау учаскелері жұмыс жасайды. Аудандық штаб құрамында 19 адам, сонымен қатар 121 сенім өкілдері және 85 белсенділер үгіт-насихат жұмысын жүргізеді. Штаб мүшелерінің жұмыс жоспары жасалып, алдағы жауапты кезеңде атқарылатын жұмыстардың басты бағыттары сараланды.