Панфилов ауданында үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді

18.06.2019ж

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Панфилов ауданында бұрынғы А. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясына даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілсе,

"Көктал орта мектебі" мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың атымен аталатын болды. Сондай-ақ, Сәтжол орта мектебіне алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді.

Қазіргі уақытта үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Енді аудан әкімшілігі тарапынан атқарылатын тиісті жұмыстарды жасалынатын болады. 
Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі