Билік басындағы іскер тұлғалар

28.06.2019ж

Маусым  айының 24-і күні ауданымыздағы барша мемлекеттік қызметшілер өздерінің төл  мерекесін  атап  өтті. Аудандық Мәдениет үйінде өткен бұл салтанатты шараға мемлекеттік қызметшілер, бөлім мен  сала басшылары, қазынашылық бөлімінің қызметкерлері, ардагерлер мен жастар қатысты.

 

       Салтанатты жиында аудан әкімі Темірлан Бектасов сөз алып, шараға қатысушыларды құттықтады.

       Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша атқарылып жатқан еңбектердің маңызы туралы айта келіп, ел экономикасы мен мәдениетін арттыру жолында ауданымызда 200-ге жуық мемлекеттік қызметші жұмыс істейтіндігін  тілге тиек етті.

       Баяндамадан кейін белсенді болып танылған мемлекеттік қызметшілер грамоталармен және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

       Сондай-ақ ардагерлерге  де сыйлықтар берілді.   Мемлекеттік қызметшілер жиынында Панфилов ауданының «Құрметті азаматы» Б.Жазылбекова, Қоңырөлең ауылдық округінің әкімі Н.Алимов сөз алып, мемлекеттік қызметші-биліктің биік бейнесін танытып, іскерлік қабілетін көрсететін тұлға, мемлекеттік саясатты алға жылжытатын қозғаушы күш болып табылатынын айтты.

 Мемлекеттік қызметшілердің салтанатты жиынында көркемөнерпаздардың өнері тамашаланды.

                Б.Жұмағазы.