Халық қалаулылары ел арасында

 19.07.2019ж

Шілде  айының 16-ы күні  аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті. Кездесуге аудандық  ауыл шаруашылығы бөлімі мамандары мен  жеке шаруа қожалығы  иелері қатысты.

       Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Шухрат Құрбанов ашып, жүргізіп отырды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  экономикалық  реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сапар  Ахметов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелелер жөніндегі комитетінің мүшесі Сергей Звольский, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің  мүшесі  Мұрат Теміржанова,  Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Серік Құсаинов, «Nur Otan» партиясы  Алматы облыстық филиалы  төрағасының  орынбасары Гүлнар Тойлыбаева қатысып көкейде  жүрген  көптеген проблемалар бойынша  ашық  әңгімелесіп, пікір алысты.

      Кездесу  барысында  жеке  шаруа қожалығының басшылары Әзкен Кәріпжанов, Тасқын Жапарқұл, Әлен Жолдасов , Амантай Қасымқұлов тағы басқалар сөз алып, депутаттарға бүгінгі күннің проблемалары бойынша талап-тілектерін айтты.

     Кездесуде шаруа қожалықтарындағы түрлі проблемалармен бірге әлеуметтік  мәселе бойынша да әңгіме өрбіді.

     Ұзаққа созылған пікір алысудан кейін депутаттар  Шекара Маңы Халықаралық Ынтымақтастық Орталығы мен Алтынкөл теміржол бекетін  аралап қайтты

   Кездесуге  «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші  орынбасары    Қанат  Досмайлов   қатысып отырды.

Б.Жұмағазы.