Жүректерге жылылық ұялатқан жүздесу

 02.08.2019ж

Шілде  айының 26-сы күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Қуаныш Сұлтановпен кездесу өтті.  Кездесуге округ әкімдері,  депутаттар,  ардагерлер мен сала басшылары қатысты. 

 

       Кездесуді аудан әкімі Темірлан Бектасов ашып, жүргізіп  отырды.

       Кездесу барысында  сөз алған халық қалаулысы Қ. Сұлтанов елге деген ыстық лебізін білдіріп, ел ішінде тыныштықты сақтап, тәуелсіздіктің баянды болуын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, оны бағалай білуді және мемлекеттік шекарамыздың берік болуын, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әр-бір  азамат атсалысуы керектігі жөнінде ұлағатты ойларын ортаға салды,  әрбір шаңыраққа жақсылық тіледі.

       Кездесу барысында Үшарал ауылындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ибраимов, Социалистік Еңбек Ері К.Айтжанова, Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Е.Келемсейіт сөз сөйлеп, ізгі ниеттерін білдірді.

      Кездесу барысында залдан түрлі сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер   айтылды.  Оған    қанағаттанарлықтай          жауаптар            қайтарылып, көпшілік халық қалаулысына ризашылық сезімдерін білдірді.

Б. Жұмағазы