Депутаттар ел ішінде

 28.08.2019ж

Бүгінгі таңда  халық қалаулылары елді-мекендерді аралап, тұрғындармен кездесу өткізуде.  

      Жуырда ауданымызға Қазақстан     Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шаһимардан  Нұрымов  келіп  кездесу  өткізді. Кездесуді  аудан  әкімінің орынбасары  Ш.Құрбанов ашып, жүргізіп отырды.

     Кездесудің мақсаты - халықпен пікір алысу,  ел  ішіндегі  түрлі  мәселелерді  анықтау,  көпшілікпен  ой бөлісу.  Жиын барысында халық  қалаулысы  тұрғындармен  ашық  пікір алысып, қойылған түрлі сұрақтарға  қанағаттанарлық  жауаптар қайтарды.

    Кездесу барысында  зейнеткер С.Зульярова  және  басқалары  сөз  алып,  елімізде ұлтаралық татулықты сақтап,             жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру үшін  жастар  арасында саяси-тәрбие жұмыстарын жүргізудің маңызы зор екенін айтты.

    Тұрғындардың қойған кейбір талап-тілектерін депутат Ш.Нұрымов жазып алып, көтерілген мәселелерді Үкімет назарына ұсынып, шешімін  табатындығына  сендірді.  Ол  Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылатын болады. Сондай-ақ облыс деңгейінде шешілетін кейбір мәселелерді  кездесуге  арнайы қатысып отырған Алматы  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы  төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі  Ғабит Тұрсынбай жазып алып, кейбір сұрақтарға нақты жауаптар  қайтарды.

    Кездесуге округ әкімдері, мәслихат депутаттары, мекеме, кәсіпорын басшылары, жастар мен ардагерлер  қатысты.

                 Ж.Нұрақынұлы.