Маңызды мәселелерге мән берілді

13.09.2019ж

Қыркүйек  айының  11-і  күні аудан  әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің   Алматы облысы  бойынша  басшысы Серікбай Нұрғисаев  аудан  активімен  кездесті.

 Кездесуге  мәслихат  депутаттары, округ әкімдері, мектеп  директорлары мен балабақша және медицина саласының қызметкерлері, сала басшылары, еңбек ардагерлері,  жастар және БАҚ  өкілдері  қатысты. Шараны  аудан  әкімі Темірлан Бектасов ашып, жүргізіп отырды.

                Кездесуде  сөз  алған Серікбай   Нұрғисаев  Қазақстан  Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаевтың  «Сындарлы  қоғамдық  диалаог-Қазақстанның тұрақтылығы мен  өркендеуінің негізі» атты Қазақстан  халқына  Жолдауында  заманауи  тиімді мемлекет, азаматтардың құқығы  мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және  инклюзивті экономика,  әлеуметтік  жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңір-қуатты ел деп аталатын 5 басым бағытын қамти отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарттары туралы баяндады. Сондай-ақ Президент тапсырмасына сәйкес пилоттық жоба ретінде тұрғындар тарапынан жергілікті билік жұмысының  тиімділігін  бағалау  жүйесі  енгізілетіндігін айтты.

                Президент 2020 жылдан бастап  мемлекеттік  қызметшілердің санын  біртіндеп қысқартуға  кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым  пайдалы  қызметкерлерді  ынталандыруға  жұмсау  керектігін, жалпы  2024  жылға  қарай мемлекеттік  қызметшілердің  және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің  санын 25 пайызға қысқарту бойынша тапсырма  бергендігін  айтты.

                Жолдауда  көрсетілгендей шағын және орта бизнес - қоғамның тұрақты дамуының негізі екенін, жеке және заңды тұлғаларға  құқықтары мен заңды мүдделерін  іске  асыруына ашық кедергі жасау және  жеке   кәсіпкердің субъектілеріне қатысты тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзу мемлекеттік қызметке  кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар болып табылатынын атап өтті.

                Бүгінгі таңда жыл сайын мемлекеттік органдардың  қызметі   бағаланады. Халыққа сапалы  қызмет көрсетуді  қамтамасыз  ету –мемлекеттік органдар жұмысының аса маңызды басымдылығы.

                Жүз  отыз  мыңға  жуық  тұрғыны  бар  ауданымыздың  ақпараттық-насихаттау жұмыстары мен тұрғындардың қамтылу  үлесі 0,24% ғана құраған.

                Кездесуде  ауданымыздағы білім бөлімі, жер қатынастары  бөлімінің  сәулет және  қала  құрылысы  бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің  жұмыстарына  сын  айтылып, кемшіліктері  аталды. Сондай-ақ  алдаға уақыттарда аудан әкімі  аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің  басшысы  Әсет Қасеновтың  қатаң бақылап отыруын талап етті.

                Кездесуде  Серікбай Өрікбайұлы ауданымыздағы кадрлық ахуалға  тоқталып, 200 мемлекеттік  қызметшінің ішінде 2,5 % бос  лауазымдар бар екені және конкурстық комиссияның жұмысына тоқталды.

                Ауданымыз  кадр резервін дайындауға құлықсыз екенін ашық айтты. Сондай-ақ  әдеп жөнінде  мінсіз міндет, ар жолында  еңбек ету парызы, бірінші басшының жауапкершілігі, қызметтік  көлікті жеке жұмыстарына пайдаланбау  тағы басқа  мәселелерге  тоқталды.

                Кездесуде  аудан әкімі аппаратында  әдеп жөніндегі уәкілінің  міндеті  ұжымның  ұсынысымен Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Думан Төрехановқа  жүктелгендігі айтылды.

                Серікбай  Нұрғисаев  мырза  өз  сөзін  қорытындылай келіп, Мемлекет басшысы жүктеген  міндеттерді тиісті деңгейде  орындау  өңірлерде жұмысты  тиімді ұйымдастырумен  ғана жүзеге асырылуы мүмкін екенін атап өтті.

                Кездесу  соңында  аудан  әкімі  тұрғындар  атынын С.Нұрғисаевқа шынайы ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Жұмағазы  Бейсебек.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4145560