Қазыналы қариялармен жылы жүздесу

04.10.2019ж

Қазан  айының  1-і күні  барша  қазақстандықтар  сияқты  ауданымызда  да  қарттар  күні  аталып өтті.

            Бұл  күні  аудан  әкімі Талғат  Әбенұлы   Өмірәлиев   барлық   округтердегі  ардагерлер   ұйымында  болып, ондағы  қазыналы  қарттарымызбен  сұхбаттасты.

                Бұл кездесуге Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова, Мемлекеттік  сыйлықтың иегері Күлғайша Бердіғұлова және зейнеткер ұстаз Тұрсын Көншібаевалар  қатысты.

                Кездесу барысында аудан әкімі Т.Өмірәлиев қарттарды мерекелерімен құттықтап, ұзақ  өмір, зор денсаулық тіледі. Еліміздің мәдениеті мен экономикасын өркендетуге өз үлестерін қосып, кезінде аянбай еңбек еткен қариялар бүгінгі таңда да түрлі кездесулерде  болып, жастарға патриоттық тәрбие беруге өз үлестерін қосып жүргендіктерін  айтты.

                Шара барысында ардагерлермен  ашық-жарқын әңгімелескен аудан әкімі қарияларды құрметтейтінін, олармен үнемі ақылдасып отыратынын баяндады.

                Кездесуде  Социалистік Еңбек Ері К.Айтжанова, С.Үшбаев ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ ауданымыздың  «Құрметті азаматы» Дауысқожа Жұмабаев  әкімнің ісіне сәттілік тілеп ақ батасын берді.

                Қарттар күніне арналған мерекелік кездесуге қатысушыларға аудан әкімі Т.Өмірәлиев   «Алғыс хат» пен ескерткіш  сыйлықтар         табыстады.

             Жұмағазы  Бейсебек.