Қамқорлықтың аясы кең

     10.20.2019ж

Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын 1 қазанда Халықаралық қарттар күні аталып өтіледі.

     Осы орайда бекітілген жоспарға сәйкес "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен филиал ғимаратының мәжіліс залында партия ардагерлерімен кездесу өткізілді.
      Кездесуде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов шараны кіріспе сөзбен ашып, өз кезегінде ардагер қарттарымыз өз ойларын ортаға салды. Аудандық партия филиалының белсендісі, кәсіпкер Р.Сакиева қарттарға өз демеушілігін көрсетсе, аудандық партия филиалының спикері, аудандық Мәслихат депутаты Қ.Ахметқалиев ардагерлерге құттықтауын арнады. Жас өнерпаздар шағын концерт қойып, өнерлерін көрсетіп, мереке көркін келтірді.
     Кездесу соңында қарттарымызға алғыс айтылып, мерекелік шағын сыйлықтар берілді. Кездесуге дән риза болған қарияларымыз ақ баталарын берді.