«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

07.11.2019ж

Қарашаның 6-ы күні аудандық әкімдікте «Нұр Отан» партиясы   аудандық  филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өтті. Конференцияға аудан әкімі Т.Өмірәлиев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов, мәслихат хатшысы Е.Шоқпаров және «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев қатысты.

     Сондай-ақ жиында мекеме, сала басшылары, ардагерлер, ұстаздар  қауымы мен медицина саласының қызметкерлері, «Жас Отан»          жастар қанатының мүшелері, студенттер,  жергілікті  бұқаралық   ақпарат   құралдарының   өкілдері   болды. Алғашқы болып сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмаилов күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселелерді атап өтті. Мандат мүшелерінің ашық дауыс берулері арқылы партияның аудандық филиалының төрағасы сайланып және Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізілді. Ашық дауыс қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, Саяси кеңес құрамының, Саяси кеңес Бюро құрамының мүшесі болып аудан әкімі, Өмірәлиев Талғат Әбенұлы сайланды.
     Бұдан соң облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Төлендіұлы баяндама жасап, «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасы мен Президент Жолдауында аталып өтілген маңызды мәселелерді талқыға салып, түсіндірді. Осы бағдарламаларда аталған негізгі міндеттерді іске асыру керектігін, әрі бұл мақсатқа жету үшін партия мүшелері бірлесе жұмыс атқарулары керектігін баяндады. Тіл мәселесі, азаматтық қоғам, еріктілер, партия құрылысының үрдістері тағы басқа да өзекті мәселелерді атап өтті. Осы жыл ішінде партия тарапынан 5543 өтініш қаралғандығын және әртүрлі қоғамдық қабылдаулар мен 2 съез, 2 кеңес өткізілгендігін айтты. «Ал алдағы уақытта яғни, 2020 жылы жоспар бойынша 81 маңызды іс-шара өтіп, партия өз жұмысын жандандыратын болады»,-деді ол баяндамасында.
     Түйткілді мәселелер талқыға салынып, нақты жоспар мен міндет аталған конференция барысында жиынға қатысушылар өз ой пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда жоғарыда аталған партияның ардагер мүшесі Т.Оспанов партияның атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын беріп, жаңадан сайланған аудандық партия филиалының төрағасына сәттілік тіледі. Ал аудандық кітапхананың директоры Д.Сұлтанбекова партиямен бірлесе өткізілген барлық іс-шараларға тоқталып, бірлесе істеген еңбектің ел сенімін арттыратынын атап өтті. Сондай-ақ белсенді қоғам мүшелері де сөз алып, пікір білдірді.
     Конференцияны қорытындылаған аудан әкімі Т.Өмірәлиев Президент Жолдауын жоғары деңгейде насихаттап қана қоймай, баршамыз бірге атсалысуымыз қажет екендігін әрі аудандық партия төрағасы ретінде өңірдегі өзекті мәселелердің шешімін табуға, белсенді қызмет атқаруға сенім білдіріп дауыс берген мандат мүшелерінің сенімі ақталатынын айтты.
А.ХАМЕТЖАНОВА .