Текелі: табыс пен өркендеу

05.12.2019ж

Өнеркәсібі өркендеп, туризмі дамыған Текелі қаласы үшін 2019 табысты жыл аяқталды. Биыл шаһарда әлеуметтің әлеуетін көтеретін бірнеше жоба іске асқан.  Бұл туралы моноқала басшысы Бақтияр Өнербаев "Jetisu Media" алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

 

2019 жыл Текеліліктер үшін биыл табысты да, жемісті жыл болды. 70 жылдық тарихы бар шаһарда биыл 1000-ға жуық кенші тұрақты жұмыс тапқан. Моноқала тұрғындарының еңбекпен қамтылуына шойын өңдеу кешенінің ашылуы сеп болған. Өндіріс орны жыл басынан бері 7200 тонна шойын өндірген.  Ал, келесі жылдан бастап қалада екінші домна пеші іске қосылып, 1200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.

Қалада шағын және орта бизнес саласы да белсенді дамуда. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 311 бірлікке артып, 2800 адам жұмыспен қамтылды. Яғни, 5 сауда және қызмет көрсету нысандары енгізіліп, барлығы 14 жұмыс орны құрылған.

 Сондай-ақ, өңірде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласыда қарқынды дамау үстінде. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде "Металлург" шағын ауданының кәріз желілері мен магистральды жылу желілері қайта жаңғырту бойынша - екі өтпелі инвестициялық жобаны іске асыру аяқталды.

Нәтижесінде, барлығы 23,3 шақырым кәріз желісі мен 5,02 шақырым магистралды жылу желілері қайта жаңғыртылды. Ауыл шаруашылық саласының нәтижесіде көңіл қуантады. Қысы-жазы балғын өнім беретін Текелі жылыжайында  452 мың тонна қияр жиналған. Жалпы, 2019 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығында 6,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Кеншілер қаласындағы жаңалық бұл ғана емес. Қалада баспана мәселесіде шешімін табуда. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында              40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жұмыстары жүргізілуде, нысанның дайындығы 88,8%, жұмыстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.  Тағы екі 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Мемлекеттің басты байлығы –халық. Ендеше, Текліліктердің жаағдайын жасауды алғашқыц орындарға қойған Бахтияр Әлтайұлы көп балалаы отбасыларды назардан тыс қалдырған емес. Қалада 415 көп балалы отбасы тұрады, отбасыларға тексеру жүргізілді және олардың табыстары нақтыланды, барлығына әлеуметтік карталар толтырылды.

Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 25 пәтер сатып алынды.  Демеушілер есебінен 5 көп балалы отбасы үшін тұрғын үй сатып алынған. Сонымен қатар "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында қаланың 7 тұрғыны баспаналы болған.

Жалпы, келер жылы моношаһарда әлеуметтің әлеуетін көтеретін бірнеше жоба іске асады. Яғни, 2020 жылы Текелі қаласында 470 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Атап өтсек, "Профмебель" жиһаз, әк өндіретін кәсіпорын, Қазақстанның ішкі нарығы үшін болат пішінді құймалар шығаратын зауыт, сондай-ақ, "Ибраимова" шаруа қожалығының 50 басқа арналған бордақылау алаңы іске қосылмақ. Сөйтіп, жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға төмендетеміз, - дейді Бақтияр Әлтайұлы.