Жаңа жыл жайлы өтсін десеңіз....?

30.12.2019ж

Жаңа жыл қарасаңы қарбаласқа толы науқан  болары сөзсіз. Осы орайда көбісі жеке басының қауіпсіздігі мен денсаулығына төнген қатерді байқамайды.

Түрлі отшашулар мен жаңа жыл кезеңінде дайындалатын тағамдардан денсаулыққа қауіп төнуі ғажап емес.

Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өткізген өнімнің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелеріне сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 90 пайызы таңбаланудың бұзылуына байланысты екенін  көрсетті.

Мереке кезінде ауруханаға түсіп қалмау үшін, азық-түлік сатып алу кезінде келесі ережелерді ұстану керек:

-өнімді дайындаушының толық атауы мен ЕАС белгісі міндетті түрде көрсетілуі тиіс;

- бүлінген жалбыз, ластанған орамадағы өнімді сатып алмау;

- жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және жылы жерде сақталынған өнімді сатып алмаңыз. Мұндай өнім жұқпалы аурулар мен тамақтан улануға әкеп соғуы мүмкін.

Ал, от шашуларға келетін болсақ, пиротехникалық бұйымдарды дұрыс таңдау және үй жағдайында пайдалану ережелері туралы ескертпелерді қатаң сақтаған абзал.

Пиротехникалық бұйымдарды сатып алған кезде, таңбалауға назар аударыңыз!

Бұйымда міндетті түрде көрсетілуі тиіс:

-пиротехникалық бұйымның атауы;

-қауіптілік туралы ескерту;

-өндіруішінің атауы, орналасқан жері;

-жарамдылық мерзімінің аяқталу күні т.б.;

Егер сіз отшашуға арналған заттарды таңдау, оларды сақтау, пайдалану кезіндегі барлық талаптарды орындайтын болсаңыз жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірін сақтап қаласыз.