Алматы облысында 598 баспананың кілті табысталған

06.02.2020ж

Базыналы елдің бас ауруына айналған  баспана мәселесін қала басшысы Ғалымжан Әбдірайымов халықпен есепті кездесуінде көтерді.

   Мәліметтерге сүйенсек, пәтер алу кезегінде қалада 17170 азамат кезекте тұрса, ипотекалық несие арқылы пәтер алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 17290 қаржы салымшылары тіркелген.

Бұдан басқа жеке тұрғын үй құрылысының жер теліміне кезекте 28,7 мың азаматтар тұр. Үстіміздегі жылы Жастар-3 шағын ауданында 500-ден аса жер телімдерін беруге дайындаудамыз, бірақ ол өте аз,- деп айтты Ғалымжан Райылұлы.

       Облыс әкімінің осы бағытта берген тапсырмасын орындау мақсатында, жоғарыда айтылған кезек тізімін тек тұрақтандыру үшін жылына 1500 пәтер пайдалануға берілуі қажет, ал кезек санын қысқарту үшін жыл сайын 2000 пәтер құрылысы жүргізілуі тиіс.

Бюджет есебінен, көпқабатты үйлерден 250 пәтерді, коттедж қалашығынан 155 үйді мерзімінде қолданысқа берсе, жеке құрылыс компаниялар есебінен 192 пәтер өткізіліп, жалпы 2019 жылы 598 пәтер өз иелерін тапқан.

Көпбалалы әлеуметтік осал жанұяларға қазіргі кезде 122 үй берілген, бұдан басқа екінші нарықтан 70 пәтер сатып алынған.

 Бұдан бөлек, қала тұрғындары «7-20-25»,  «Бақытты отбасы» бағдарламалары  бойынша жалпы 202 отбасы баспаналы болды.