Талдықорған қаласы 93 % газбен қамтамасыз етілген

06.02.2020ж

Бүгінгі таңда Талдықорған қаласы 93% газбен қамтамасыз етілген. 860 километрден астам газдандыру желісі салынды. Бұл туралы Талдықорған қаласының әкімі, Ғалымжан Әбдірайымов халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.

 

Қала басшысының айтуынша, көгілдір отынға жеке сектордағы 7 мыңға жуық абонент, 38 көпқабатты үй, 2 мың пәтер және 54 коммерциялық нысан қосылған.

"9 мыңнан астам абонент көгілдір отынды пайдаланады.  926 шақырымның 863-інде газдандыру желісі салынды, жұмыс белсенді жалғасуда. 5 тоқсандық  қазандықтарды газға ауыстыру жоспары негізінде ағымдағы жылы №3 қазандық ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін табиғи газға көшіріледі. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланды",- деді Ғалымжан Әбдірайымов.

Айта кету керек, мемлекет қолдауының арқасында Талдықорғанның 150-ден астам үйі табиғи газға тегін қосылған. Ал 137-не бөліп төлеу арқылы газ қосылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге бөлінді.