Алматы облысы қашықтықтан оқыту технологиясына көшті

20.03.2020ж

«Аты жаман» ауру тарағалы түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Барлығы бүтіндей елдің қамы үшін іске асырылуда. Биліктің басты мақсаты мемлекетті инфекциядан аман алып қалу болса, оның ішінде жарқын болашақ иелерінің денсаулығына бас мән беріп отыр.

 

Президенттің жарлығымен барлық мектептер 16 наурыз бен  5 сәуір аралығында мерзімінен бұрын демалысқа шықса, жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкен еді.

Осы кезеңде мектеп мұғалімдері қашықтан жұмыс істейтін болады, яғни, әдістемелік және дайындық жұмыстарын үйде отырып орындайды.

Мектеп директорлары педагогтарды дистанциондық режимге ауыстыру бойынша актілер қабылдайды, ол дегеніміз еңбек ақысы күнделікті демалыс кезіндегі сияқты шарттар мен көлемде сақталады.

Демалыс аяқталғаннан кейін, қажет болған жағдайда, қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың оқуын жалғастыру үшін жағдай жасалатын болады . Білім және ғылым минстрлігінің желісі бойынша арнайы топ жұмыс істейді, ол орта білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалануға дайындау жұмыстарын жүргізеді.

Қазір ақпараттық жүйені қажетті контентпен толтыру, педагогтарды оқыту, сервистерді, технологияларды тестілеу және т. б. бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Еске сала кетейік, 14 наурыз күні, ҚР Білім және ғылым министрінің №108 бұйрығы негізінде, білім басқармасының басшысы № 193-н "эпидемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын күшейту туралы"бұйрық шығарылған.

« Соған орай білім беру ұйымдарын дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету үшін білім басқармасы облыстық мәслихатқа 146 млн. 587 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлу туралы ұсыныс енгіздік», - деп атап өтті Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Мағданқызы.

Ендігі кезекте мектепке дейінгі білім беру мекемелінің төтенше жағдай кезіндегі жағдайын тоқталсақ,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 наурыздағы №108 бұйрығының 5 тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін штаттық режимде жүргізу, ата-аналар мен заңды өкілдердің қалауы бойынша еркін бару режимін қамтамасыз ету, балалар болмаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымда баланың орнын сақтау тапсырылды.

2020 жылдың 16 наурызынан бастап балалардың мектепке дейінгі мекемелерге келу жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілген болатын. Тексеру нәтижелері келесідей:

Жалпы облыс бойынша 21167 мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленуде, онда (85532 бала (183 мемлекеттік (26609 бала), 623 - жеке (46067 бала), 358 шағын орталық (12779 бала), 3 жеке шағын орталық (177 бала) тәрбиеленуде .

 16 наурызға бала бақшалар мен шағын орталықтарға бару 47,7% ( 41721 бала) 17 наурызға - 39,8% (33809 бала) құрады. 18 наурызға-барлығы 1079 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, баратын балалар саны - 28218 немесе 33% (оның ішінде 183 мемлекеттік балабақша - 7379, 623 жеке балабақша - 19288 бала, 270 шағын орталық - 9801, 3 жеке шағын орталық - 46 бала) деген мәліметтерді келтірді жауапты мамандар.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында коронавирустық инфекциялардың алдын алу бойынша іс- шаралар жүргізіледі. Олар:

- ата- аналардың балабақшаға қол жеткізуіне жол бермей , балалардың денсаулық жағдайын сұрай отырып, тәрбиешілермен және медицина қызметкерлерімен күн сайын балаларды қабылдауды ұйымдастыру;

- объектілерге бөгде адамдардың (туыстарының, еріп жүрушілердің және т. б. ) кіруіне қатаң тыйым салу;

- санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау (желдету, ауысымда кемінде үш рет ылғалды жинау, дезинфекциялау) ;

- топ үй- жайларын кварцтау;

- теріге арналған антисептикпен дозаторлармен қамтамасыз ету .

 Қазіргі таңад 2019-2020 оқу жылында облыста 78 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 44 мемлекеттік, 34 жеке меншік . 44 мемлекеттік колледждің 4- і ҚАЖК (жабық аймақ), 1 колледж (Талдықорған қаласының заң колледжі) контингенттің болмауына байланысты білім беру қызметін тоқтатты. 34 жеке колледждің 3-уі контингенттің жоқтығынан білім беру қызметін тоқтатты, 2-уінде қысқа мерзімді курстар бойынша оқыту жүргізілуде .

Нәтижесінде бүгінгі күні қашықтықтан оқытуға  68 колледж өтті. Оның ішінде 39 мемлекеттік, 29 жеке меншік . Бүгінгі таңда облыс колледждері келесі платформаларға қосылған:

- «Platonus» - 30  мемлекеттік колледж ,

- «Google Classroom» - 4 мемлекеттік  колледж,

- «Қашықтықтан білім беру технологиялары институты» - 1

 - ЖМУ жанындағы колледж ,

- «EduPage» - 26 колледждер,

- «Bilim» - 2 колледж,

- «Moodle» - 5 колледждер.

Облыста 30 мың студент білім алуда , оның 22 мыңы күндізгі бөлімде. Бір рет ыстық тамақпен 11190 студент қамтамасыз етілді .

Колледждерде асыраушысынан айырылған 496 бала оқиды, оның 112- і жатақханаларда тұрады. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу кезінде жатақханада 30 қамқоршысынан айырылған жасөспірімдер  тұрады:

Мәселен, Алматы экономикалық колледжінде - 6, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінде-1, Талдықорған агра - техникалық колледжінде - 4, Сарқан гуманитарлық колледжінде - 2, Талдықорған сервис және технология колледжінде-4, Қаскелең кәсіптік - техникалық колледжінде - 6, Алматы облыстық сервис және тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар колледжінде - 1, Текелі кәсіптік колледжінде - 3, Қаракемер кәсіптік колледжінде-3.

Қалғандары қамқоршыларымен бірге  тұрады. Олар үшін барлық тиісті жағдайлар жасалған, компьютерлер орнатылған, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар сақталған.  Бүгінде барлық білімгерлер онлайн түрде білім алып, ұстаздарымен кері байланыс орнатып отыр.