Қайырымдылық - қастерлі қасиет

08.05.2020ж

Күллі әлемді дүрліктірген вирустың әлегі еліміздің жұртшылығын да алаңдатып отыр. Жақында төтенше жағдайға байланысты, біз Н.Головацкий ауылы, Жаскент ауылдық округінің «Асыл ана» аналар Кеңесінің төрайымы Р.Ибрагимова, үлгілі кәсіпкер К.Алтыбасарова, қамқоршы әрі үлгілі отанасы

С.Жанбырбаева ауылдағы Алтын алқа, Күміс алқа иегерлеріне және ауыл тұрғындарына өз еркімізбен 70 бетперде тігіп, жақсылық жасауды ұйғарып, бетперде тараттық. Бұл да болса теңізге тамған тамшыдай ғана игілікті іс. Өйткені қазіргідей ел басына күн туған шақта адамдар бір-біріне қамқорлық танытып, азаматтар арасында мейірімділіктің қаншалықты қажет екендігін ұғынып отырмыз. Округ әкімі Мұхтархан Құмарбекұлының мейірімді, қайырымды, сезімтал адам, әрдайым жақсылық жасауға дайын тұратын үлгілі тұлғасы аналарға үлкен демеу, ізгілікті бастау болды. Біз бір-бірімізге көңіл бөлейік, қолдан келсе көмектесіп, қайырымды болайық. Жақсылық жасауға асығайық. Қайырымдылық қастерлі қасиет. Күніміз шуақты, еліміз қуатты болсын!
Р.Ибрагимова,
зейнеткер ұстаз,
«Асыл ана» аналар
Кеңесінің төрайымы.
Головацкий ауылы.