Алматы облысында «Nur Otan» париясының партияішілік сайлауы бастау алды

20.08.2020

Облыс бойынша 323 үміткер праймеризге қатысуға өтінішін білдіріп үлгерген. Оның 175-і тіркелген.

Үміткерлердің ішінде 23 адам облыстық деңгейге, 300 адам аудандық деңгейге өтініш білдірген.

 

Праймериз келесі кезеңдер бойынша өткізіледі, олар:

1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу;

2) кандидаттарды үгітке даярлау;

3) үгіт жұмысы;

4) дауыс беруді өткізу;

5) тізімдерді дайындау.

Праймеризге Ел аумағында 10 жыл тұрған, 20-25 жастағы азамат қатыса алады. Үміткер сотталмаған, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыспен айыпталмаған болуы тиіс. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі болуы қажет. Партия қатарынан шығарылған тұлға праймеризге жіберілмейді.

Үміткерлерді тіркеу 17 тамыздан басталып 29 тамызға дейін жалғасады. Ал, 7 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі аралықта кандидаттардың үгіт жұмыстары, сонымен қатар 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өткізу жоспарланған.

«Үміткерлер қатысу үшін primaries.kz сайты немесе өзіңіздің тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша аумақтық партия филиалында ақпарат алып, талапқа сай болса құжаттарын өткізуге болады»,- дейді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Әкебайұлы.

Дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді. Интернет желісі жоқ елді мекен тұрғындары дауыс беру учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс бере алады.