Партияішілік праймериз басталды

18.09.2020ж

Ағымдағы жылдың 17 тамызынан партияның саяси даму тарихында алғаш рет жалпы республикалық партияішілік масштабта «Nur Otan» партиясының праймеризі бастау алды.

 

 Бұл партияның «қайта жаңғыруының» және алдағы Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқанына дайындығының қорытынды кезеңдерінің бірі. «Nur Otan» партисы Праймеризін өткізу Ережесіне сәйкес жария пікір     сайыстар өтетін орындар белгіленді. 21 қыркүйектен            бастап    жария    пікір сайыстар  3 елді   мекенде  өткізілетін  болады.