Екпінді ауылында ауыл шаруашылық жері 68 мың 675 га-ны құрайды

15.10.2020ж

«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-маслихаты бүгін Екпінді ауылдық округінің әкімі Әділхан Қыстаубаев өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы.

 Ауыл шаруашылығы саласы бойынша округте жер көлемі - 68675 гектар. Оның ішінде жайлымдық жер - 58089 гектар, шабындық жер -1508 гектар, егістік жер – 7297 гектарды құраса, күздік бидай - 379 гектар, жаздық бидай 500 гектар, арпа - 2165 гектар, сұлы – 49 гектар, күнбағыс - 969 гектар, дәнді дақылдар -3039 гектар, майлы дақылдар-969 гектарды құраған.

Ал, мал шаруашылығы бойынша округтегі барлық ірі қара мал саны - 19510.

Оның ішінде «Архарлы-майбүйрек»  ЖШС – де 13581 бас асыл тұқымды ірі қара, «Dikan Beef» ЖШС- де 160 бас асылтұқымды ірі қара малы және ұсақ мал -11179 бас, жылқы – 1459 басқа тіркелген. Сондай-ақ, ағымдағы жылы ірі қара аналық басты  асылдандыру селекциялық жұмыстары үшін «Омаров М» шаруа қожалығына көмек көрсетілінген.

Денсаулық саласы бойынша округте екі дәрігерлік пункті мен бір дәрігерлік амбулаториясы жұмыс істеуде. Жалпы, пандемия кезінде округте барлығы 8 дәрігер жұмыс атқарған.

Білім саласы бойынша округте 2 жалпы орта, 1 негізгі орта мектеп, 1 балабақша жұмыс істеуде.  Аталған білім ордаларында мұғалімдер саны – 76, оқушылар саны – 414. Оның ішінде 224 дәстүрлі түрде оқыса, 210 бала қашықтықтан (онлайн) оқуда. Ал, балабақша тәбиешілерінің саны - 9. Екі топтағы балалар саны – 40-қа жуық.

Мәдениет саласы бойынша пандемия кезінде Екпінді ауылдық мәдениет үйі қашықтықтан жұмыс атқарған. Жалпы мәдени, танымдық, әдеби 31 іс – шара өткізген.

Сонымен қатар, 2020 жылдың наурыз айында елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты «Біз біргеміз» акциясы аясында аудан азаматтарының демеушілігімен әлеуметтік жағдайлары төмен 54 отбасыға азық -түлік себеттері таратылған.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының 3 бағыты бойынша  коғамдық жұмысқа 28 жұмыссыз азамат  тартылған. Сондай-ақ, Екпінді ауылдық округі бойынша инфроқұрылымдық    жобаларға 8 азамат қатысқан.

 Сондай-ақ, 2020 жылы Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның

1 бағыты бойынша 1 адам қайта даярлау  курсына жіберіліп, оқуын аяқтап, «Citic Сounstraction Co.LTD»  компаниясына   жұмысқа орналасқан.

4 – бағыты бойынша жастар практикасынан 1 адам іс – тәжірибеден өткен.                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Айта кетерлігі, қауіпті індет кезінде Екпінді ауылдық округінің аналар кеңесі және жастар орталығының ұйымдастыруымен көп балалы отбасыларға сонымен қатар, қарт адамдарға тегін бетперделер жасалынып, таратылған.