Кербұлақ ауданында күрделі жөндеуден өткен жаңа мектеп қолданысқа берілді

15.10.2020ж

Сарыбастау ауылындағы орта мектептің 1979 жылы іргетасы қаланған. Құрылыс жұмыстары ЖҚЖК арқылы жүзеге асты. Оған өңір қазынасынан 467 млн 395 мың тенге бөлінген. Аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің арқасында зор қолдауымен жөндеу жұмыстары биыл жасалды.

Орта мектеп 640 орынға лайықталған. Бүгінгі таңда 153 бала оқып жатыр. 39 мұғалім қызмет етеді. Мектепке дейінгі шағын орталығы да бар. Баралар оқуына бар жағдай жасалған. Интернетпен қамтамасыз етілген. ИНформатика, физика, химия кабинеттері жұмыс жасайды деп қуанышымен бөлісті орта мектеп директоры Фаризат Жанысбекова.

Айта кеткен жөн қазіргі таңда ауданда 52 жалпы білім беретін мекеме бар. Оның  бастауыш, 7 негізгі, 33 орта мектеп. Бүгінгі таңда 8523 бала оқып жатыр. 7 балабақша мен мектептер жанындағы 26 шағын орталықта 1 954 бала қамтылған. Аудан бойынша мектепке дейінгі біліммен қамту 99,2% құрайды. Бүгінгі күні аудан бойынша 33 мектепте қалыпты режимде, ал 19 мектепте аралас (1-4 бастауыш сыныптар кәдімгі режимде, 5-9 сыныптар онлайн режимінде оқытылады).

Сонымен қатар, ағымдағы жылы орта мектепті жөндеу жұмыстарына «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 118 млн 945 мың теңге бөлінді. П.Дутова. Қазіргі уақытта барлық жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

С. Сарыбұлақ ауылының Алтынсарин орта мектебіне 712 млн 559 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 630 млн 457 мың теңгеге пайдалануға берілген Қосағаш ауылындағы 80 орындық орта мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қоғалы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге 1 миллион теңге, білім бөлімі ғимаратына 5 миллион теңге бөлінді. Конкурс жарияланды. Сондай-ақ, 80 орындық Тастыөзек орта мектебінің, 60 орындық Көксай орта мектебінің құрылысын жобалауға 18 миллион 886 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.