Алматы облысында үздік зияткерлер анықталды

26.10.2020ж

Алматы облысы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі "IQ DODA" зияткерлік ойынын ұйымдастырды, доданың ақтық кезеңі жуырда "Журналистер үйінде" өтті. Жүлдегерлер   бағалы сыйлықтармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

 Ойынның форматы қарапайым және сонымен бірге қызықты болды - қатысушылар логика, тапқырлық және білімді қолдана отырып, командалық ойлау арқылы әр түрлі санаттағы қызықты сұрақтарға жауап берді.

"Зияткерлік ойын қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. "IQ ДОДА" ойынындағы барлық сұрақтар дүниетанымға, логикаға, тез тапқырлыққа қатысты алынды. Ойын жеті кезеңнен тұрды.Сұрақтар үлкен экранда 30-60 секундта көрсетіліп,  жетекші оқыды. Содан кейін, сайыстың  барлық жеті сұрағын жариялағаннан кейін, олар тез қатарынан және кідіріссіз қайта оқылады, артынша  кері санақ 100 секундты бастайды. 100 секунд өткеннен кейін жауап берілген парақшалар тапсырылады", - деп бөлісті жоба ұйымдастырушысы Ерасыл Толымбекұлы.

 

Айта кету керек, Алматы облысының барлық аудандары мен қалалары бойынша 600-ден астам адам қатысты.  Финалға 7 команда өтті.

1 орынды Ақсу ауданынан келген "эрудиттер" командасы иеленсе, ІІ орынды " СЕРЕЖА, жарайсың!"Талдықорған қаласынан, ал ІІІ орынды Панфилов ауданынан "PRYMERIZ" иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, "IQ DODA" зияткерлік ойыны Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазіргі заманның жаңа шарттарына сәйкес халықтың барлық жіктерінің өкілдерін Елбасы идеяларының, зияткерлік дамудың айналасына біріктіру мақсатында ұйымдастырылды.