ҮМІТКЕРЛЕР АМБУЛАТОРИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

24.12.2020ж

Жуырда «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бағдат Бейсенқызы мен Айдос Арсаламов Шолақай дәрігерлік амбулаториясына барып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Күніне 50 адамды қабылдай алатын Шолақай дәрігерлік амбулаториясы 2017 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Амбулаторияның құрал- жабдықтарының барлығы жаңа әрі заманауи. Мамандар ар- найы курстардан өткен. Жаңа жабдықтардың тілін бәрі біледі. Дәрігерлік амбулаторияда зертхана, тіс емдеу, тоқпен емдеу, бала- лар бөлімі сияқты басқа да қажетті бөлімдер бар. Онда жоғары білімді дәрігермен бірге барлығы 27 адам жұмыс жасайды. Атап айтар болсақ, 2 жалпы тәжірибелі дәрігер, 2 тіс дәрігері, 3 фельдшер, 10 орта буын медицина қызметкерлері, 2 ая жан, 1 зертханашы және 5 кіші буын қызметкерлері халық денсаулығы үшін аянбай тер төгуде.-