Қазақ радиосының ғасыр тойы Алматы облысынан басталды

07.01.2021ж

Бүгін Талдықорған қаласында Алматы облысының əкімі Баталов Амандық Ғаббасұлының қолдауымен, Облыстық Мəдениет басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ радиосының 100 жылдығы және "Шалқар" радиосына 55 жыл толуына орай кең көлемде мəдени іс-шара өтті.  

 

Шараның мақсаты – аймақ тұрғындарына қос радионың насихатын арттыру, радио қызметкерлерін халықпен жүздестіру Іс-шара барысында Алматы облысы əкімінің орынбасары Рустам Əли сөз сөйлеп, радио қызметерлерін облыс əкімінің, Мəдениет басқармасының, Денсаулық және Спорт, дене шынықтыру басқармасының алғыс хаттарымен марапаттады. 

Аталған жиыннан соң радио ұжымы облыстық журналистер үйіндегі Бейсен Құранбек мұражайына барып, марқұмды еске алып, гүл шоғын қойып, құран бағыштады. Еске сала кетсек, ғасыр құрдасы – Қазақ радиосы 2021 жылдан бастап өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтеді.