Мәжіліс депутаттығына кандидат Дамир Дигай еңбек ерімен кездесті

06.01.2021ж

Қаңтардың 6-ы күні «Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Дамир Дигай Тоғыз Социалистік Еңбек Ері көптеген ауыл шаруашылығының майталмандары шыққан суы нәрлі, жері құнарлы алтын аймақтың Кеңестер Одағы кезінде даңқын шығарғандардың бірі де бірегейі Күләш Айтжанова апамызбен онлайн жүздесу өткізді.

Онлайн кездесу барысында Мәжіліс депутаттығына кандидат Дамир Дигай ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау – біздің ортақ міндетіміз. Оларға қолдау көрсету ұдайы партия назарында екендігін атап өтті. Сондай-ақ партия бағдарламасындағы «Аға ұрпаққа қамқорлық» тарауында: «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында біз медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырамыз, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасаймыз»,-деп партияның алға қойған басты мақсаттарына кеңінен тоқталып өтті. Және осындай асыл жандарды қадірлеу арқылы біз жас ұрпақты адал еңбекті сүюге, туған ел мен туған жерді құрметтеуге баулимыз, үйретеміз деген партия кандидаты еңбек адамды адамды бақытқа, мерейге бөлейді, есімін елге танытады. Осыған қос ананың өткен өмірі мен елі үшін еткен еңбегі куә екендігін қатысушыларға баяндап өтті.

Ал жас ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық өмірі мен еңбек жолы  бар Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова апамыз болса өз кезегінде «Nur Otan» партиясы бүгінде өзіндік дәстүрі, қол жеткен табысы мен тәжірибесі, қатары қалың жақтастары бар партия екендігін атап өтіп, алдағы сайлау науқанында партияға қолдау білдіретіндігін жеткізіп, барша қазақстандықтар бейбіт өмір, тұрақтылық пен жарқын болашақ үшін дұрыс таңдау жасап, дауыс беруге шақырды.