Шағын және орта бизнесті қолдау – кәсіпкерлікті қолдау

06.01.2021ж

Қаңтардың 6-ы күні Панфилов аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Руслан Тулақбаев ауыл кәсіпкерлерімен жолығып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ауыл кәсіпкерлеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында партия үміткері еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері мен «Nur Otan» партиясы жеке меншікке қол сұғылмауды, ашық бәсекені, макроэкономикалық тұрақтылықты, қолайлы инвестициялық ахуалды және экономиканы әртараптандыруды қолдайтындығын айтып өтті. Бұл – кәсіпкерлікті жандандыруға, инвестицияларды өсіруге, елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар.


Мемлекет орта таптың тірегі, экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновацияның, жұмыспен қамтудың және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының негізі болатын бизнеске жан-жақты қолдау көрсететіндігін де жан-жақты баяндап берді.

«Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасында шағын және орта бизнесті дамыту аудан экономикасының өсу резервінің бірі болып табылатындығын, алайда әлем елдерін сан сарсаңға салған індет бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер ететіндігін жеткізді. Осы тұрғыда «Nur Otan» партиясы зардап шеккен кәсіпкерлердің қызметін қалпына келтіру және бизнесті одан әрі дамыту үші, оның ішінде «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жағдай жасайтындығын айтып өтті.