ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ САЙЛАУШЫЛАРҒА РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

11.01.2021ж

Қазақстан Халық партиясының Төрағасы Айқын Қоңыров сайлаушыларын құттықтады. Бұл туралы«Хабар 24» телеарнасы мәлімдеді.

 Экзит-пол нәтижесі бойынша сайлауда 9,03 пайыз дауыс жинаған Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров әріптестерін құттықтап, алдын ала жарияланған нәтижеге көңілі толатынын білдіріп, сайлауда жеткілікті дауыс жинаған және қатысқан өзге партияларға сәттілік тіледі.

- Сайлауалды науқан кезінде депутаттыққа үміткерлер үшін тең жағдай қарастырылды. Ешқандай қиындық пен кедергі болған жоқ. Экзит-пол нәтижесі біздің мүмкіндігіміздің мол екенін көрсетеді. Сайлауалды жұмыстарға қатысқан әріптестеріме және сайлаушыларға ризашылығымды білдіремін, - деді Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"