Алматы облысында 105 гидробекет орнатылды

19.02.2021ж

Жетісу жерінде су тасқыны кездеріндегі дайындық жұмыстарын   жалғастыруда. Облыстық «Қазгидромет» РММ мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың ай аралығында жауын-шашын мөлшері 11-55 мм нормаға жуық болады деп күтілуде. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды.

 

 Есік, Іле, Қаскелең, Қырғауылды, Тентек,Сарқан, Бурахудзир, Басқан өзендеріндегі су деңгейлері қар еріген және қатты жаңбыр жауған жағдайда көтерілуі ықтимал. Салдарынан жақын маңайдағы елді мекендерді қызыл су басу қаупі жоғары болмақ. Айта кету керек,  су тасқыны қаупі бар аймақтарда облыс аумағында 39 мыңнан аса халық орналасқан. 2020 жылғы мәліметтерге сәйкес, былтыр су астына қалуы мүмкін елді мекендер саны 48 болса, бүгінгі күні ол көрсеткіш 6-ға кеміген.

 «Облыстың су тасқыны қаупі бар өзендерінде гидрометеорологиялық жағдайды тұрақты мониторингілеуді және уақтылы болжауды жүзеге асыру үшін "Қазгидромет" РМК және "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ-мен гидрометеорологиялық ақпаратпен өзара алмасу ұйымдастырылды, қар жамылғысы мен қар еру процестерінің ғарыштық мониторингі жүзеге асырылуда."Қазгидромет" РМК және "Қазселденқорғау" ММ бөлімшелерімен 7 үлкен,14 орташа, 24 ұсақ өзендерге гидрологиялық мониторинг жүргізіледі.Жалпы су тасқыны қаупін бағалау үшін 105 гидробекет қойылды»-деп, хабарлады Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті басқармасының орынбасары подполковник Игорь Жуков.

Тілсіз жаумен күресу жұмыстары жүйелі түрде атқарылады. Мәселен, өткен жылы Панфилов, Ұйғыр, Балқаш, Талғар аудандары мен Қапшағай, Талдықорған қалаларындағы су тасқыны қаупі бар өзендердің 17,2 км арнасын жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілген-ді. Ал, биыл су тасқыны күрделенген жағдайда жалпы саны 4135 адам, 905 бірлік техника, 172 мотопомпа, 20 бірлік жүзу құралы және 79 елді мекенде 120 эвакуациялық пункт облыс тұрғындарын апаттан аман сақтау үшін топтастырылды.

Өңірде сонымен қатар, тұрғын үй секторында орын алатын өрттің алдын алу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Соның айшықты дәлелі, «Игі істер тізбегі» жобасы.  Жоба аясында,жанашыр азаматтардың, демеушілер мен еріктілердің бастамасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 133 отбасына пештер мен электр жабдықтарын жөндеу, түтіндікті жолдарын тазалау, азық-түлік алып беру, көмірмен қамтамасыз ету, тұрғын үй аулаларын және арықтарды қардан тазалау түрінде көмек көрсетілді.

Меруерт Ақбарова

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130334