Жалпы халықтық Референдумның маңыздылығы түсіндірілуде

2022-05-01


    Мамыр айының 18 күні Көктал ауылдық округінің тұрғындарына  Конституцияға енгізілетін  өзгерістер  туралы аудандық аумақтық референдум бойынша құрылған штаб мүшелері Құрманжан Ахметқалиев пен Айтбүбі  Байымбетова  кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында референдум  халық пен билік арасында  алтын көпір екендігін айтты. Халық өз таңдауы арқылы еліміздің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басады және Конституциямызға енгізілетін  өзгерістерді бекіту үшін өтетін референдумның мәні мен маңызы  өте күрделі екендігін баяндады.
    Еліміздің ең басты құжаты - Конституциясы. Ал ондағы жазылған әр сөз маңызды  рөл  атқаратынын түсіну керек. Округ тұрғындарына қазірден бастап елдегі орын алып жатқан  өзгерістерді дұрыс саралап, немқұрайлылық танытпау қажет және еліміз үшін маңызды мәліметтерді терең түсініп, дұрыс шешім қабылдау керектігін жеткізді.
    Келелі басқосуда округ тұрғындары 2 күрделі мәселені көтерді. Атап айтқанда әйел адамдардың зейнет жасын 58 жасқа қысқарту және бала санына берілетін жәрдемақыны  барлық отбасының кіріс мөлшерін есептемей берілсе деген ұсыныс-тілектерін білдірді.
                  Жиында округ  азаматтары референдумның маңызы жайлы тың мәліметтер алды. Сонымен қатар еліміздегі  Жаңа басталамаларды, Жаңа Қазақстанды, Конституциядағы өзгерістерді толық түсініп, штаб мүшелеріне  округ тұрғындары ризашылығын білдіріп, өз тараптарынан дауыс берушілер ретінде бұл елдік шараға  атсалысатынын  жеткізді.
                Жиын соңында Қ.Әубекұлы еліміздің тағдырын өзіміз шешеміз, сондықтан жалпы республикалық референдумға қатысып, өз еркімізді таныту аса маңызды екендігін атап өтті.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4143811