Референдум - билікке ел сенімін күшейтеді

2022-05-23


    Референдумның және конституциялық реформалардың мән-маңызын қолдау мақсатында Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды. Осыған орай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Закиржан Кузиев пен Жанна Телпекбаева өңірімізге іс сапармен келіп, көпсалалы колледж ұжымымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы туралы ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 16 наурызында Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жолдаған болатын. «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдау аясында жалпы Қазақстанның жүйелі трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайтын саяси реформалардың басым бағыттары белгіленді. Студенттермен өткен кездесуде мәжіліс депутаттары референдум туралы оның ішінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер және күтілетін нәтижелері туралы толыққанды айтып өтті.
    Мәжіліс депутаттары аталмыш референдцм азаматтардың мемлекеттік басқаруға неғұрлым кең қатысуын көздейтін, халықтың қолдауымен еліміздің жаңа   саяси жүйеге көшуіне барынша ықпал етуге бағытталғандығын атап өтіп, еліміздің ертеңіне бей-жәй қарамайтын әрбір азамат осы референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы керектігін ескертті.
(Өз тілшіміз).