Референдумның маңыздылығы талқыланды

2022-05-23


    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  биылғы халыққа арнаған  Жолдауында  Конституциялық сот құрылады деп атап өткен болатын. Осыған сәйкес енді нормативтік-құқықтық актілер олардың    конституциялық құқықтарын бұзады деп санайтындардың бәрі Конституциялық сотқа жүгініп, қорғауға ие бола алады. Бұл біздің азаматтарымыз үшін жаңа мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Конституциялық сотқа жүгіну құқығына бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл ие болады.

 

Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуымен жиі бетпе-бет келіп, нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға  сәйкестігі  туралы мәселені көтере алатын адамдар. Бұл туралы референдумды түсіндіру тобының мүшесі, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Шоқпаров және референдумды түсіндіру тобының басқа да мүшелері Шолақай ауылдық округіндегі Бусаков атындағы орта мектеп қызметкерлерімен өткен кездесуде толыққанды түсіндіріп, айтып өтті. Келелі кездесуде алдағы өткелі тұрған жалпыхалықтық  референдумның маңыздылығы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Кездесу барысында Конституцияның ел дамуындағы рөлі  мен конституциялық реформаның «Жаңа Қазақстанды» құрудағы маңыздылығын талқылап, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын білдірді.
    -Ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды шақта ешкімде шет қалмауға тиіс. Барша халық тарихи таңдауды жасауда бір болатынына сенім білдіреміз. Еліміздің болашағы біз бен сіздің қолдарыңызда,-деді аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Отарғалиұлы.
(Өз тілшіміз).

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4131744