Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына бетбұрыс

2022-05-23


    Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 5 маусымына Республикалық референдум тағайындағаны белгілі. Халық көптен күткен осы конституциялық реформа – қоғамда демократия қағидаттарын орнықтыруға жасалған қарымды қадам болғалы тұр.

    Ата Заңымыздың алғашқы сұлбасы 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданғаны баршамызға белгілі. Бүгінгі күнге дейін Ата Заңымызға бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Десек те осы өткізілгелі отырған рефендумда халық өз таңдауын жасауы, олардың талап-тілектері мен сұраныстарының назарға алынғалы жатқаны көңіл қуантады. Мен ұстаз ретінде Жаңа Қазақстанымыздың жарқын болашағына жасалып отырған бетбұрыстар мен Мемлекет басшысының барлық бағдарламаларын толықтай қолдаймын. Өйткені, баршамыз бағынатын Ата Заңымызға түзету енгізу арқылы қоғамымызды да жақсы жаққа өзгерте аламыз деген сенімдемін. Президентіміз айтпақшы, бұл түзетулердің тарихи маңызы ауқымды. Сондықтан да барша ел болып еліміздің болашағы үшін жұмыла шешім қабылдауға шақырамын.
    Гүлназ
Жангелдиева,
Төменгі Пенжім орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі.

Күнтізбе

« Тамыз 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2737179