Аудандық әкімдікте

                    Панфилов ауданының әкімдігінде "AMANAT" партиясы Панфилов аудандық филиалының кезектен тыс ІІ-ші Конференциясы өтті.


Күн тәртібінде мәселелер:
1. «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау туралы.
2. «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының ІІ-ші Конференциясына делегат сайлау.
3. Панфилов аудандық филиалының саяси кеңес және бюро құрамына өзерістер енгізу туралы.

                  Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге бойынша «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының атқарушы хатысы Е.Оспанбаев «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасының жобасын талқылау  туралы баяндамасын ұсынды.  Тұғырнаманы талқылау бойынша жарыссөзге үш адам жазылып, үшеуі де сөйледі. Сөз барысында тұғырнамада қарастырылған мәселелерді алға тарта отырып, өз пікірлерін білдірді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе байынша қаулы қабылданы.
                Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша яғни, Жетісу облыстық партия филиалының кезектен тыс ІІ-ші Конференциясына делегат сайлау туралы сөз қозғалды. Бекітілген квотаға сәйкес Панфилов ауданынан 6 делегат сайланып, тізімдері бекітілді
               Күн тәртібіндегі үшінші мәселе  Панфилов аудандық саяси кеңесінің және бюро мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізу туралы. Бұл орайда саяси кеңесінің және бюро мүшелерінің құрамымен толықтай таныстырылды.
Конференцияда күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, арнайы ұсыныстар мен ой-пікірлері назарға алынды.

--