ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ «ЖАСКЕНТ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ «АЙГЕРІМ» ШҚ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ.

2022-10-20


                 Бүгін «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы, «Жаскент» бастауыш партия ұйымының  ұйымдастыруымен, «Айгерім» ШҚ жұмысшыларымен кездесу өтті.


                Кездесу барысында «Жаскет» бастауыш партия ұйымының  төрағасы М.Сарпек «Айгерім» ШҚ жұмысшыларымен кездесіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі жолдауын жан-жақты түсіндіріп өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы айтылды.
Жолдауда айтылған бес басым бағдарда көрсетілген мәселелердің маңыздылығын түсіндіріп, Мемлекет басшысының бастамаларының халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға және еліміздің құқық қорғау саласын жетілдіруге бағытталып отырғандығын жеткізді.

       Жиын соңында «Айгерім» ШҚ жұмысшылары өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтты. Сонымен қатар, Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды іске асыру бағытындағы іс-шараларды атқаруға атсалысып, бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.
--