Сайлауға белсенді болуға шақырды

2022-10-28


                 Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері Ризван Абдуликимқызы, Төлебай Ақынұлы, Медет Әкімжанұлы, Қуаныш Серікұлы, Алмаз Бақытұлы Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің ұжымымен кездесті.
Кездесуде білім беру саласы өкілдеріне Президент Жолдауында айтылған айшықты ойлар мен іске асырылып жатқан байыпты істер нәтижесі жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ алдағы өтер сайлау науқанында Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде айтылып, қойылған сауалдарға жауаптар берілді.


             – Президент сайлауы еліміздің тарихындағы маңызды белес болмақ. Бұл ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетеді. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді, – деді Ризван Абдуликимқызы.
             Мұнан соң сөз алған Қуаныш Серікұлы мемлекет басшысының әр жылдарда жолданған Жолдауларында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жасалған бағдарламалар мен бастамалары әрдайым жүйелі жүзеге асып жүргенін, соның нәтижесінде қай салада өрістеу барына тоқталды. Еңбек адамына, ұстаздарға, дәрігерлерге қолдаудың жан-жақты болғанын да атап өтті. Әділетті һәм бақуатты елде өмір сүру үшін сол жолға бастайтын тұлғаны қолдау – мемлекеттің өсіп-өркендегенін қалайтын әр азаматтың міндеті екені де нығырлай айтылды
#Toqaev2022