Елімізде тұрғын үйге деген сұраныс пен баспана жағдайын жақсартуға ниет білдірушілер саны күн санап артуда. Осыған сәйкес, Мемлекет басшысы «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеуге тапсырма берді. 2017-2031 жылдар аралығын қамтитын бағдарлама аясында алдағы 15 жылда 1,5 млн қазақстандық отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болады деп жоспарлануда. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жыл сайын тұрмысы төмен отбасылар үшін 3 мың пәтер салынады. Сондай-ақ, дәрігерлер, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлер аталған бағдарлама аясында пәтер алуға мүмкіндігі бар.
«Панфилов ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында келесідегідей жұмыстар атқарылуда: - Жаркент қаласындағы жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін инженерлік – коммуникациялық желілерін салу» нысанының құрылыс – монтаж жұмыстары 2016 жылы басталып, 2018 жылы пайдалануға беріледі. Құрылысқа бөлінген жер көлемі –114 га; жер телімінің саны 183 жеке тұрғын үй және көп қабатты 38 үй (1640 пәтер). - Қорғас ауылындағы жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін инженерлік – коммуникациялық желілерін салу» нысанының құрылыс – монтаж жұмыстары 2016 жылы басталып, 2017 жылы пайдалануға беріледі. Құрылысқа бөлінген жер көлемі –90 га; Участок саны 478 жеке тұрғын үйге. - «Жаркент қаласындағы 40 жалгерлік тұрғын үй құрылысы» нысанының құрылыс – монтаж жұмыстары 2017 жылы басталып, 2019 жылы пайдалануға беріледі. Нысанның техника – экономикалық көрсеткіштері: құрылысқа бөлінген жер көлемі –10,4 га; құрылыс салу ауданы –3 833,6 м2.