Болашаққа қадам

2022-11-16


         Елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Кезектен тыс президент сайлауы қалай өтеді? Биылғы сайлаудың ерекшелігі неде?

        17 қыркүйекте Мемлекет басшысы Президенттік мерзімдері мен түзетулер енгізілген «Қазақстан Республикасының Конститутциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Констутцияның 41 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасының  Президенттік конситутциялық заңға сәйкес Республикалық кәмілетке толған азаматтары жалпыға бірдей, теңжәне тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 7 жыл мерзімге сайлайды. Демек 20 қарашадағы жалпыхалықтық дауыс беру қортындысы бойынша жеңіске жеткен кандидат Қазақстанның келесі президенті  болып 7 жыл мерзімге сайланады.

    Мемлекет басшысы кезектен тыс президент сайлауынөткізуді ұсынды. Осының бәрі бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы, яғни бұл президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығатынының айқын дәлелі. 20 қарашада өтетін еліміз үшін сын кезең болып тұр. Қалай айтсақ та сайлау демократиялық өміріміздің көрінісі іспетті. Ендеше әркімнің дауысы маңызды. Ешкімде бұл сайлаудан тысқары қалмауы керек.

Ғалия ДӘУРЕНБЕКОВА,

Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің орынбасары