Талдықорған қаласындағы «Жанұя» әлеуметтік орталығына 5 мыңнан астам адам көмекке жүгінген

2022-12-20


Әлеуметтік орталықтың үш жылдық жұмысының қорытындысы белгілі болды. Осы уақыт аралығында орталыққа 5 мыңнан астам талдықорғандық көмекке жүгінген. Сонымен қатар көпбалалы, аз қамтылған отбасыларынан шыққан 332 азамат кәсіби курстарда білім алып, дипломдар мен сертификаттарға ие болды. Оқыту массаж, компьютерлік сауаттылық және шаштараз сынды мамандықтар бойынша жүргізілді. Одан бөлек әйелдерге маникюр, визажист және аспазшы мамандықтары бойынша білім алуға мүмкіндік берілді. Бұл «Жанұя» әлеуметтік орталығының атқарған ауқымды жұмысының аз ғана бөлігі», - дейді  орталық Президенті Жанар Нұрмұханова өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

 

«Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 28 курс тыңдаушысы «Бастау» бизнес бағдарламасы аясында мемлекеттік грант иегері атанды.  Орталық жұмысы нәтижесінде 168 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 68 адам жеке кәсіпкерлікпен айналысып, жеке өз жұмыс орындарын ашып, қызмет етуде», - дейді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның жүзеге асырылуына 90 млн.теңге қаражат бөлінген болатын. Бұдан бөлек спонсорлар тарапынан да қолдаулар көп болды. Осындай қолдау нәтижесінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту, жұмысқа бейімдеу және қаржылық сауаттылығын арттыру сынды маңызды  мәселелер шешімін тапты. Тұрақты түрде гуманитарлық көмектер көрсетіліп отырды.

Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет атқарды. Мамандарымыз әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтап, қиын өмірлік жағдайдың себептерін анықтап, одан шығуға көмек көрсетті және әлеуметтік қорғаудың түрлі мәселелері бойынша кеңестер тұрақты түрде жүргізілуде.  Заң аясында көрсетілетін құқықтық кеңестер мен психологиялық көмек мәселесі де біздің басты назарымызда.

Осындай игі істер жалғасын табады, - дейді Жанар Нұрмұханова. 2023 жылы аталмыш бағдарлама қайта іске қосылады. Байқау жеңімпазы ел игілігі үшін Орталық жұмысын жалғастырады. 

                                                                         

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4131177