Бүгініміз – баянды, ертеңіміз – еңселі

2023-01-20


              Панфилов ауданының әкімі Марат Рахымбердіұлы Сағымбек қаңтардың 17 жұлдызы күні Пенжім ауылдық округінің тұрғындары алдында есеп беріп, кездесу өткізді.

 

              Жұртшылық өкілдері қатысқан бұл келелі жиын А.Розыбақиев атындағы мектептің акт залында өтті.
            Есепті жиынды аудан әкімі Марат Сағымбек ашып, жүргізіп, ауданның 2022 жылғы әлеуметтік– экономикалық дамуының қортындысымен 2023 жылға арналған міндеттері жөнінде баяндама жасады.
           Өткен жылы қыркүйекте Қазақстан республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Жолдауының маңызын, келешектегі кемел дамуымыздың бағыт - бағдарын айқындап берді.              
    Аудан әкімінің бүгінгі есебі де жеткен жетістіктерімізді таразылап, кеткен кемшіліктерімізді саралауға негізделген,-деді баяндамашы.
         Бұдан соң аудан әкімі ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы, өнеркәсіп пен құрылыс, инвестиция тарту, білім, шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы қол жеткізген табыстарды саралап, өңірлерді дамыту бағдарламасы аясындағы жобалар жөнінде әңгімеледі.
        Баяндамада сондай-ақ, құқық бұзушылық, денсаулық сақтау мен білім беру, мәдениет, бұқаралық спорт, жастар саясаты мәселелері де кеңінен қамтылды. Табыстар тасасындағы кемшіліктерде атап көрсетілді.
         Мұнан соң округ тұрғындары Ербосын Жақсынқаев, Құрманәлі Нүсіпов, Тоқтаргүл Киізбаева, тағы басқалары сөз сөйлеп, өздерінің ой-пікірлерін жеткізді, сұрақтарын жолдады. Әкімнің алдағы ісіне табыс тіледі.
         Кездесу соңында аудан әкімі берілген сұрақтарға нақты жауаптар қайтарып, айтылған ұсыныспен пікірлердің жан–жақты ойластырылып, тиісінше іс жүзіне асыруға шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді.
         Есеп беру жиналысын аудан әкімі М.Сағымбек қорытындылап, алда тұрған міндеттерді өзінің орынбасарлары мен бөлім, сала басшыларына жүктеді.