Мемлекеттік қызмет

2023-02-20


 

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық , мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу" туралы қызмет көрсету.

 

   Қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күні.Керекті құжаттар:

1)     Нысан бойынша өтінім.

   2) Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анқтама, көрсетілетін қызметті алушының өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат;
   3) Салық кодексіне сәйкес кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат, жеке тұлғалардан – 1 айлық есептік көрсеткішті; заңды тұлғалардан–5АЕК;
  4) кепілдің тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК-і құрайды.

 

 

                «Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ