Жетісу облысының сайлау учаскелері сақадай сай

2023-03-19


Бүгін еліміздің ең маңызды саяси науқаны – Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды. Жетісу өңірінің сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығына келсек:

Облыс бойынша сайлау учаскелерінің саны 458. Олардың барлығында дауыс беруге арналған жәшіктер бар, дауыс беруге арналған кабиналардың қажетті санымен, жиҺазбен, ұйымдастыру техникасымен, кеңсе керек-жарақтарымен жабдықталған.

  1. Сайлаушылар дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар етілді.
    Оның ішінде сайлау учаскелерінің мекенжайлары, дауыс беру уақыты мен орны көрсетілген дауыс беруге шақыру қағаздары 443 788 дайындалып, сайлаушыларға табысталды. Сондай-ақ көп қабатты үйлерге орналастыру үшін 6 250 ұқсас ақпараттық плакаттар дайындалды.