Үшем ұлдарымен келіп дауыс берді

2023-03-19


Жетісу облысы, Алдабергенов ауылында тұратын Имангабуловтар отбасы № 110 сайлау учаскесіне үшем ұлдарымен бірге келіп, дауыс берді.
Бес баланың анасы Маржан Имангабулова бірде-бір сайлаудан қалып көрген жоқпын дегенді алға тартады. Тіпті балаларын да белсенді болуға үндеп, оларға үлгі көрсетіп келеді. Бүгінде сайлау учаскесіне екі жастан асқан үшем ұлдарын – Ернұр, Бекнұр, Алинұрмен бірге келіпті.