ОБЛЫС ДЕПУТАТЫ ЖЕКЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

2023-07-19


Жетісу облыстық мәслихат депутаты Сакиова Ризван Абдуликимқызы аудан тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.


Қабылдауға келген тұрғындардың  әлеуметтік қамту, жер мәселесі, тұрғын үй мәселелері қаралды.
Мәселен, Жаркент қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасының суретші, мүсіншілер одағының мүшесі Нұрсапаев Самат үлкен көрмеге қатысуына ықпал жасауын сұрады. Қалған азаматтар тұрғын үйге кезекке тұруға, жер мәселелеріне көмек көрсетуін сұрады.
Өз тарапынан халық қалаулысы Жаркент қаласының тұрғыны С.Нұрсапавқа әлеуметтік көмек көрсетті. Басқа аудан көлемінде қаралатын халықтың арыз- өтініштерін шешуге ықпал жасайтынын және заң аясында түсіндірме жұмысын жүргізіп, мекеме басшыларына тапсыратынын жеткізді. Қабылдауға жазылған азаматтар өз тарапынан алғыстарын білдірді.