«Рухани жаңғыру- әлемдік жаһандану» атты дөңгелек үстел өтті.

2023-11-10


Үлкеншыған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру- әлемдік жаһандану» атты дөңгелек үстел өтті.

 

Бұл шараның мақсаты: жоғары білімді әрі рухани жағынан бай адам қалыптастыру, әрбір азаматты алға жетелейтін қоғамдық сананы жаңғырту, оқырмандардың алдында жаңа көкжиектер кеңістігін ашып, елімізді сапалық жағынан жаңа даму деңгейін көрсету, тарихтың белестерінен сүрінбей өткен құнылықтарымыз бен озық дəстүрімізді насихаттау, болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білуге үйрету, халықтың өзіне ғана тән тарихи қалыптасқан мәдени болмысы – Ұлттық кодтың мән-мағынасы туралы мәлімет беру, туған тілге деген құрметті арттыру, Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Шараны кітапханашы жүргізіп отырды. Рухани жаңғыру  – бұл дегеніміз  ұлтымыздың барлық ұлттық салт- дәстүрлерін, мемлекеттік  тілімізбен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген ұғымға дәл келетін  тәрізді.