КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

2024-03-19


 

Жетісу облыстық мәслихат депутаты Мұқатай Медет Әкімжанұлы аудан тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді.


Қабылдауға келген тұрғындардың әлеуметтік қамту, жер мәселесі, тұрғын үй мәселелері қаралды.
Өз тарапынан халық қалаулысы аудан азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетті. Басқа аудан көлемінде қаралатын халықтың арыз- өтініштерін шешуге ықпал жасайтынын және заң аясында түсіндірме жұмысын жүргізіп, мекеме басшыларына тапсыратынын жеткізді. Қабылдауға жазылған азаматтар өз тарапынан алғыстарын білдірді.