Арыз -өтініштерін қарады

2024-03-19


Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Төлеухан Нұрдаулетұлы «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалында аудан тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді.

 

Қабылдауға келген тұрғындар көкейдегі мәселелерін алға тартып, біршама талап тiлектерiн жеткізді. Атап айтар болсақ үй кезегіне тұру, жер телімін алу мәселелер.Қабылдауға келген азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, талап тілектерін назарға алды.