КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

2024-03-19


 

«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалында, аудандық мәслихат депутаты Ахметжан Аширов қоғамдық қабылдау өткізді.

 

Аудандық филиал қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген азаматтар түрлі тақырыптарда мәселе қозғады. Азаматтар көптен бері шешімін таппаған құжаттандыру мәселесі, сонымен қатар әлеуметтік көмек сұрап келгендер де бар. Қабылдау барысында аудан тұрғындарының өтініші негізінде қолданыстағы заң аясында толық кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

#AMANAT