«Халыққа көмек» жобасы аясында қабылдау өтті

2024-03-28


✅ «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Халыққа көмек» жобасы аясында қабылдау өтті. Аталған қоғамдық қабылдауды «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Оспанбаев Ерлан Өмірғалиұлы өткізді.

 

✅ Ерлан Өмірғалиұлы аудан тұрғындарын қабылдап, әлеуметтік, қоғамдық және өзгеде ортақ түйіткілді мәселелердің шешілуіне ықпал етілуіне бағыт-бағдар берді. Қабылдау барысында аудан тұрғындарының өтініші негізінде қолданыстағы заң аясында толық кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#AMANAT