Тұрғындардың арыз-өтініші қаралды

2024-03-28


Панфилов аудандық мәслихат депутаты Ернар Рамазанов «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалында аудан тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді.

Қабылдауға келген тұрғындар көкейдегі мәселелерін алға тартып, біршама талап тiлектерiн жеткізді. Атап айтар болсақ үй кезегіне тұру, жер телімін алу және түрлі әлеуметтік мәселелер.

✅Өз кезегінде Ернар Рамазанов қабылдауға келген азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, талап тілектерін назарға алды.

Қабылдауға келген тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап тиісті мекемелерге жолдады.
#AMANAT