КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

2024-04-17


Панфилов аудандық аурухананың бас дәрігері Елікбаев Айдын Молдашұлы «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалында аудан тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді.

 

Қабылдау онлайн арқылы өткізілді, онлайн желісіндегі тұрғындар көкейдегі мәселелерін алға тартып, біршама талап тiлектерiн жеткізді. Атап айтар болсақ медициналық қызметкердің жұмыс мәселелері қаралды.

✅Өз кезегінде Айдын Молдашұлы қабылдаудағы азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, талап тілектерін назарға алды.
#AMANAT